Мемлекет басшысы Шымкентке сапары барысында әлеуметтік маңызы бар өндіріс орындарының жұмысымен танысуды жалғастыруда.
Президент Шымкентте жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Фото: akorda.kz
1,735
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, - деп хабарлайды Аikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 млн литрге дейін сусын шығара алады.

Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.