Қытай АҚШ тауарларына баж салығын 125% дейін көтерді, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті шешімді Қытайдың Мемлекеттік кеңесі қабылдады.
«Америка тариф енгізуді жалғастырса, бұған енді мән беруді қоямыз», - деп мәлімдеді Бейжің ресми түрде.
Осыған дейін Ақ үй басшысы Қытайға салынатын салық мөлшерін бірнеше рет арттырып, оның көлемін кеше 145%-ке дейін жеткізген. Мұның қарымтасы ретінде Қытай америкалық тауарларға әуелде 34% салық салды. Ал бүгін 84%-тен 125%-ке дейін көтерді.
Америка басшысы алдына келген елдерге баж салығын енгізуді 90 күнге шегерді. Алайда оның ішінде Қытай жоқ.
Айта кетейік, әлемдік сауда 33 трлн долларға тең болса, соның 688 млрд доллары АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға тиесілі.