АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты Украинаның нақты ұстанымын естіді. Бұл туралы оған Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог жеткізген, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Трамптың өкілі Украинаға төрт облысын Ресейге беруді ұсынды
Фото: интернеттен алынды
1,266
оқылды

Келлогтың айтуынша, Украина ешқашан Херсон, Запорожье, Луганск және Донецк облыстарын Ресейге беруге келіспейді. Бұл тек саясат жағынан ғана емес, құқықтық және халықаралық заңдар бойынша да мүмкін емес.

Бұған дейін Трамптың тағы бір өкілі – Стивен Уиткофф Ресейге барып, президент Владимир Путинмен кездескен болатын. Ол Украинадағы төрт облыстың Ресейге қарайтынын ресми мойындауды ұсынған, яғни бұл ұсыныс арқылы соғысты тезірек тоқтатуға болады деп есептеген.

Осыған байланысты АҚШ ішінде Трамптың екі өкілі арасында пікір қайшылығы пайда болды. Reuters пен Politico деректеріне сенсек, Келлог ресми келіссөздерге қатыспаса да, Трампқа Украина мәселесі бойынша кеңес беріп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.