Оңтүстік Кореяның солтүстік-батысында орналасқан Кванмён қаласындағы метро құрылысы алаңында көпір құлап, бір жұмысшы іздестірілуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Yonhapnews сайты таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 11 сәуір күні сағат 15:13-те болған. Апат салдарынан үстімен жүретін жол (көпір) опырылып, бірнеше ғимаратқа зиян келді. Бес жұмысшының сол мезетте үшеуі аман табылды, біреуі – 13 сағаттан кейін 30 метр тереңдіктен құтқарылды.
Іздеу жұмыстары жалғасуда – қазіргі кезде 50 жастан асқан бесінші жұмысшыны табу үшін жеті із кесуші ит пен ауыр техника тартылған. Құтқару операциясын жауын-шашын басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр, өйткені синоптиктер найзағай мен жаңбыр болатынын ескертті.
Апаттың алдында құрылыс тіреуіштерінен жарықтар байқалып, билікке ескерту берілген. Қазір полиция құрылыс қауіпсіздігіне қатысты алдын ала тергеу жүргізіп жатыр.
Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы 2 400 тұрғын эвакуацияланған. Тексерістен кейін эвакуация алынып тасталып, 220 адам үйлеріне оралды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз