Алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті.
Қазақстандық оқушылардың жобасы әлемде үздік атанды
Фото: istockphoto
374
оқылды
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды  Аikyn.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысты. YURT жобасын ұсынған команданың құрамында алматылық оқушылар Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет бар.
Олар бірінші орынды иеленді. Команда Юпитердің орбитасымен қозғалып, оның Ганимед және Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш стансасының жобасын таныстырды. Станса 30 мыңға жуық адам тұруға арналған, жасанды гравитация жүйесімен және толықтай дербес тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталған.
Екінші орынды тағы бір қазақстандық команданың «Икарус» жобасы иеленді. 45 мың тұрғынға арналған Ганимедтің төменгі орбитасында орналасқан ғарыш стансасын құрастырушылар - Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин, Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан, Бақыт Аслан. Жетекшілері — 12-сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.
Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған халықаралық жыл сайын өткізілетін байқау. Ол оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.