Сән-салтанат индустриясында қиын кезеңдер басталды. Нарықтағы тұрақсыздық бай тұтынушыларға да әсер етіп, шығындарды қысқартуға мәжбүрлеуде.
Президенттің Louis Vuitton-ға қандай қатысы бар?
Дональд Трамп қызы Иванкамен, күйеу баласы Джаред Кушнермен Техастағы Louis Vuitton фабрикасында. Фото dailymail.co.uk сайтынан алынды. Авторлығы:
588
оқылды

Financial Times басылымы жариялаған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz люкс тауарлар сегментіндегі қиындықтардың себебін талдайды.

№1 борттан президент Трамппен бірге түсіп келе жатқан француз миллиардері Бернар Арно. 2019 жыл, Техас штатында. Фото The Wall Street Journal сайтынан алынды. Авторлығы:  Getty Images / Nicholas Kamm

Атақты LVMH сатылымының күрт төмендеуі – люкс индустриясы үшін алаңдатарлық белгі болды. АҚШ-та сұраныстың бәсеңдеуі мен Қытай экономикасындағы қиындықтар, президент Трамптың енгізген тарифтері сән-салтанат тауарлар сегментіндегі алаңдаушылықты күшейтуде.

LVMH компаниясының бірінші тоқсандағы сатылымы қатты төмендеп, сәнді бұйымдар индустриясы үшін пессимистік болжам туғызды. Бұл сала АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген кедендік баж салықтарының салдарын ерекше сезінуде.

Louis Vuitton және Christian Dior брендтері кіретін LVMH-тың сән және былғары бұйымдар бөлімінің органикалық сатылымы жылдық есеп бойынша 5 пайызға төмендеп, жылдың алғашқы үш айында 10,1 миллиард еуроны құрады.

LVMH тобының осы негізгі бөлімшесі – бүкіл люкс индустриясының көрсеткіші ретінде қарастырылады. LVMH тобының жалпы сатылымы 3 пайызға төмендеп, 20,3 миллиард еуроны құрады. Бұл сарапшылардың 2025 жылдың 1-ші тоқсанында сатылым деңгейі 1%-ға өседі деген консенсус бағалауынан едәуір төмен.

Компанияның негізін қалаған және қазіргі уақытта басқарып отырған француз миллиардері Бернар Арно – әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Фото Forbes сайтынан алынды

LVMH – әлемдегі ең ірі сәнді тауарлар өндіруші топ – Трамп АҚШ-тың сауда серіктестеріне жаппай тариф енгізетінін жариялағаннан кейін тоқсандық есеп берген алғашқы компания болды. Сәнді тауарлар нарығының ең ірі ойыншылары – АҚШ пен Қытай – арасындағы сауда соғысы жаһандық экономиканы тежейді деген экономистердің қаупі күшеюде. 

LVMH – Moët Hennessy Louis Vuitton деген атаулардың қысқартылған нұсқасы. Бұл әлемдегі ең ірі сән және сән-салтанат (люкс) тауарлар тобы. Толық атауы: LVMH Moët Hennessy Louis Vuitton SE (SE – Societas Europaea, яғни Еуропалық акционерлік қоғам). LVMH компаниясының құрамына мына танымал брендтер кіреді:

Louis Vuitton – сән және былғары бұйымдар;

Moët & Chandon – шампан;

Hennessy – коньяк;

Dior, Fendi, Givenchy, Céline – сән;

Sephora – косметика мен парфюмерия;

TAG Heuer, Hublot, Bulgari – сағаттар мен зергерлік бұйымдар.

Компанияның негізін қалаған және қазіргі уақытта басқарып отырған француз миллиардері Бернар Арно, ол әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Бернар Ароның президентпен Трампен де қатынастары жақсы.

Нью-Йорк орталығындағы Louis Vuitton дүкені. Фото louisvuitton.com сайтынан алынды

«Геосаяси және экономикалық жағдай тұрақсыз болып отырған шақта, LVMH жыл басын сеніммен әрі сақтықпен бастады», – деп хабарлады компания.

Париж қор биржасында листингке енген, нарықтық құны 244,2 миллиард еуро болатын бұл алып компания пандемия кезіндегі тарихи өсімнен кейін күйзеліс жайлаған салада құлдыраудан сақтала алған жоқ.

Қытай тұтынушылары тарапынан сұраныстың төмендеуі жалғасуда. Бұл – сәнді тауарлар нарығындағы басты қиындықтардың бірі ғана. Азиядағы (Жапониядан басқа) LVMH сатылымы бірінші тоқсанда 11%-ға төмендеді.

Компанияның қаржы директоры Сесиль Кабанис Қытайдағы ішкі сұраныс өзгеріссіз қалғанын айтады. Ал McKinsey деректеріне сүйенсек, 2024 жылы материктік Қытайдағы сәнді тауарларға деген сұраныс 18–20%-ға қысқарса, АҚШ-тағы сатылым бірінші тоқсанда 3%-ға төмендеген.

Louis Vuitton, Dior және Fendi сияқты бренд бұйымдарды ғана қолданатын менеджер әйелдердің басқару стратегиясы мына әзіл видеода:

Sephora косметика бизнесінің былтырғы жоғары сатылыммен салыстырғанда биылғы нәтижелерінің төмендеуі, компанияның шарап және алкоголь бизнесіндегі сатылымының 9%-ға қысқаруы АҚШ-тағы құлдыраудың басты себептері болған. Жапонияда LVMH сатылымы 1%-ға пайызға төмендесе, Еуропада керісінше 2%-ға өскен.

Бұдан шығатын қорытынды мынау. Сән-салтанат тауарларының негізгі тұтынушылары саналатын бай адамдар да нарықтағы тұрақсыздық пен белгісіздік кезінде шығындарын шектеуге мәжбүр болады. Олар бағаның өсуіне төтеп бере алса да, тұтынушылық сенім төмендеген кезде discretionary (еркін) шығындарын азайтып, сәнді тауарларға деген сұранысты тежейді. Бұл сән индустриясының өсуіне кері әсер етіп, сатылымдардың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.