Семей қаласында вагондардың арасымен теміржолды кесіп өтпек болған әйел жүк пойызының астында қалып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аbainewskz тelegram-арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде болған.
Оқиғаның қалай болғаны пойыздың өтуін күтіп тұрған көліктің бақылау камерасынан түсіп қалған.
Видеода әйел вагондардың астынан өтпек болған сәтте пойыз орнынан қозғалып, оны басып кеткені анық көрінеді.
Сол жерде болған адамдар әйелді пойыздың астынан дереу шығарып алғанымен, ол алған жарақатының салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Өңірлік көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.