Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚМА мәліметінше, заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады.
Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.
- Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады. Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енді.