Президент Жарлығымен Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Төлежан Барлыбаев Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. Мәскеуде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген.
Бұған дейін ол Қазақстанның Словакиядағы Елшісі болған. Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті Елшісі және басқа да қызметтер атқарған.
Сондай-ақ Президент Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.