Екі ел делегацияларына Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жетекшілік етті.
Вашингтон Тегеранның ядролық қару мен уран байыту жобаларын тоқтатуын талап етті. Ал олай болмаған жағдайда әскери және инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалатынын айтты. Бұған Иран тарапы келіспейтінін жеткізіп, мәселені дипломатиялық жолмен шешуді көздейді.
АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жалғасады. Алдағы аптада тараптар жаңа келісімнің техникалық негіздемесін әзірлеуге кіріседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.