Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяхудан ХАМАС-тың шарттарын қабылдап, келісімге келіп, туған-туыстарын қайтаруды талап еткен.
Израильде тұтқындардың отбасылары шеруге шықты
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
511
оқылды

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, палестиналық топ 59 израильдікті қамауда ұстап отыр. Соңғы мәлімет бойынша Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт бітімге келуге қатысты келіссөздер тығырыққа тірелді.

Палестиналық қозғалыс барлық тұтқындар босатылғаннан кейін бейбітшілік кепілдігін сұрап отыр. Яғни, Израиль анклав аумағынан әскерін толық әкетуі тиіс. Ал Израиль ХАМАС-ты толығымен құртып, Газа секторының кейбір аудандарына әскери бақылау орнатпақ.

18 наурызда қайта өршіген шабуылдардан мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 2 мыңнан астамы жараланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.