Бүгін СҚО Тайынша ауданында табиғи өрт орын алды. Обуховка ауылының жанында 46 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ таратқан мәлімдемеге сәйкес, екпіні 20 м/с дейінгі қатты желдің салдарынан өрт тез таралып, ауылдың шетіндегі ЖШС аумағындағы шаруашылық құрылысына тарады.
ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді арқасында Обуховка ауылына оттың таралуына жол берілмеді. Өрт сөндіруге барлығы 126 адам және 16 бірлік техника жұмылдырылды.
- Дронды пайдалана отырып қосымша әуе мониторингі жүргізілді. Бұл оттың таралу бағытын жедел бақылауға және жердегі іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік берді. Ауылға төнген қауіп толығымен жойылды, адамдарды эвакуациялау қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз