Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келеді
Фото: akorda.kz
432
оқылды

Ақорданың мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды. 27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұған дейін қаңтар айында Джорджа Мелонимен «Абу-Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында кездесу өткізген. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, Қазақстанға шақырған және достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тілеген болатын.

https://aikyn.kz/278890/k-azak-stan-prezidenti-italiya-ministrler-ken-esinin--torag-asy-dzhordzha-melonimen-kezdesti