Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен IV халықаралық Dubai Grand Festival өнер байқауында ENU жастары ел намысын абыроймен қорғап, зор жеңіске қол жеткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
«Аспапта орындау» номинациясы бойынша өнер көрсеткен «Дала сазы» фольклорлық оркестрі мен «Театр» номинациясында бағын сынаған «Шаңырақ» студенттік театры байқаудың ең жоғары марапаты – Бас жүлдеге ие болды.
Фестиваль аясында қатысушылар шеберлік сыныптарына қатысып, түрлі елдерден келген өнерпаздармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.