К2-18b ғаламшарындағы DMS саны Жердегі санына қарағанда мыңдаған есе көп болуы мүмкін.
Ғалымдар тіршілік белгісі бар тағы бір планетаны тапты
Photo by Saad Alfozan on Unsplash
9,418
оқылды

Ғалымдар К2-18b планетасының атмосферасынан шығу тегі тірі ағзалардың тіршілік әрекетімен байланысты екі химиялық қосылыстың ізін тапты. Бұл өзге ғаламшарда да расымен тіршілік бар екенінің ең сенімді дәлелі болып тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ғалымдар зерттеу нәтижелерін The Astrophysical Journal Letters журналында жариялады. Онда K2-18b Жерден 120 жарық жылы қашықтықта орналасқаны, оны канадалық ғалымдар 2015 жылы ашқаны айтылған.  

2023 жылы ғалымдар Жер бетінде тірі организмдерді, оның ішінде теңіз балдырларын түзетін диметилсульфидтің (DMS) әлсіз белгілерін анықтады.

2024 жылы K2-18b атмосферасы қайта талданды. Сол кезде диметилсульфид белгілері тіпті айқын білінген.

Анықталғандай, К2-18b ғаламшарындағы DMS саны Жердегі санына қарағанда мыңдаған есе көп болуы мүмкін. Бұл осы планетаның мұхиттары тіршілікке толы болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен мамандар нақты мәлімдеме жасауға асығар емес. Олар K2-18b ғаламшарының жай ғана ыстық тас еместігіне көз жеткізуді жөн көріп отыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.