Үндістанның Пахалгам қаласындағы шабуылдан кейін жүздеген турист демалысын ерте аяқтап, үйлеріне қайтып жатыр.
Үндістанда демалып жатқан туристер жаппай үйлеріне қайтуда
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
519
оқылды

Қаскөйлер әлі қолға түспеген. Ал саяхатшылар өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтады. Осыған байланысты қазір өңірдегі кейбір дүкендер мен кәсіпорындар да жұмысын тоқтатқан.

Еске салайық, кеше қарулы адамдар Пахалгам шипажайлы аймағында демалып жатқан адамдарға оқ атып, 27 адам көз жұмған. Тағы 20-ға жуық адам жарақат алған.  

Оқиға Пәкістанмен шекаралас даулы аймақтағы Пахалгам қаласында болды. Шабуыл лаңкестік әрекет деп танылды. Оқ атқан адамдар әлі табылған жоқ. Оқыс оқиғадан кейін аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.