2023 жылмен салыстырғанда келушілер саны зообақтарда 30%, концерттік ұйымдарда – 12,1%, мәдени-демалыс ұйымдарында – 11,5%, кинотеатрда – 10,9%, мұражайларда – 6,5%, театрларда 3,5% артқан.
Бұл ретте іс-шаралардың көпшілігін мәдени-демалыс ұйымдары (224,2 мың бірлік), театрлар (16,7 мың бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (8,7 мың бірлік), сондай-ақ концерттік ұйымдар (6,4 мың бірлік) өткізген. 2024 жылы демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны 24%, цирктерде – 13,5%, мәдени-демалыс ұйымдарында 8,8% өскен.
Өңірлік бөліністе 2024 жылы кітапханаларға барушылардың басым бөлігі Алматы қаласы (5 581,5 мың келуші), Солтүстік Қазақстан (4 512,4 мың келуші), Түркістан (4 083,7 мың келуші) және Ақмола (3 722,2 мың келуші) облыстарында байқалған. Киноға барушылар саны бойынша республикалық маңызы бар қалалар алда: Алматы – 7 844,6 мың келуші, Астана – 4 027,8 мың келуші, Шымкент – 1 929,4 мың келуші. Мұражайларға барушылар саны Түркістан облысында (1 170,1 мың келуші) және Астана қаласында (955,8 мың келуші) ең көп болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.