Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуетасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуе компаниясы кіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Әуе компания Абу-Даби-Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен БАӘ арасында әуеқатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.
Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.