2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Өскемен қаласының қонақүйлерінің бірінде шетел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап аталған азамат аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сонымен қатар оны іздестіруді бастаған елге экстрадициялауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.