Салтанатты рәсім Әулие Петр алаңында өтті. Оған 50-ге жуық елдердің басшылары жиналды. Олардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский де болды, - деп хабарлайды ВВС агенттігігі.
Шіркеулік қызметті кардиналдар алқасының деканы Джованни Баттиста Ре басқарды. Жергілікті халық салтанатты рәсімді металл қоршаулардың сыртынан бақылады.
Сондай-ақ Рим қаласында орнатылған үлкен экрандар арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды. Францисктің денесі 3 күн бойы Әулие Петр шіркеуінде тұрған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.