Иран портындағы жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін.
Ирандағы жарылыстан жарақат алғандар саны 700-ден асты
Фото: 24kz
471
оқылды

The New York Times басылымының дерегі бойынша, Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи қоймасында натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл  зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент.

Соңғы ақпарат бойынша, порттағы жарылыстан 14 адам опат болып, тағы 750-ы жарақат алды. Оқиға орнында Қызыл жарты ай ұйымының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Айта кетейік, Шахид Раджаи порты Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.
Еске салайық, осы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.