Төтенше жағдай Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи портында болды.
The New York Times басылымының дерегі бойынша, жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл – зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті билік тұрғындарға есік-терезелерін бекітіп, сыртқа шықпауға кеңес берді. Айта кетейік, Бендер-Аббастағы порт Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.