Төтенше жағдай Бендер-Аббас қаласының маңындағы Шахид Раджаи портында болды. New York Times басылымының дерегі бойынша, жарылысқа химиялық заттардың дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қоймада натрий перхлораты тұрған контейнер жарылған. Бұл – зымыран отынын жасау үшін қолданылатын химиялық компонент.
Айта кетейік, Бендер-Аббастағы порт Иран сауда тасымалының басты өткелі саналады. Аймақта төтенше жағдай жарияланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.