Екі ел ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және білім беру сияқты салалардағы бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті.
Қазақстан мен Моңғолия инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Фото: gov.kz
310
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолия Премьер-министрі орынбасарының инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сайран Қадырұлымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz министрлікке сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

М.Нұртілеу Моңғолияның Азиядағы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін және екі ел арасындағы достық рухында дамып келе жатқан тығыз қатынастардың орнағанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және білім беру сияқты салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өзара күш-жігерді жалғастыруға дайындықтарын растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.