Спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарға күніне үш-төрт жұмыртқа жеуге кеңес беріледі.
Адамдарға күніне қанша жұмыртқа жеуге болады?
Фото: istockphoto
3,309
оқылды

Көптеген адам қандағы холестерин деңгейін жоғарылатады деген оймен жұмыртқаны сақтықпен жейтіні рас. Дегенмен дәрігерлер қалыпты мөлшерде тұтынған жағдайда бұл өнім денсаулыққа зиян келтірмейтінін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ресейлік гастроэнтеролог-дәрігер Владимир Логиновтың айтуынша, зерттеулер денсаулығы қалыпты адамдардың жұмыртқаны күнделікті тұтынуы жүрек-қан тамырлары ауруларын тудырмайтынын және қандағы «жаман» холестерин деңгейін арттырмайтынын дәлелдеген.

«Денсаулығына шағымы жоқ адамдар күн сайын 1-3 жұмыртқадан жеп тұрғаны дұрыс. Егер қандағы холестерин деңгейі көтеріліп кеткен болса немесе адамға қант диабеті диагнозы қойылған болса, күніне бір жұмыртқадан артық жеуге немесе сарыуызын алып тастап жеген дұрыс», – дейді дәрігер.

Спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарға күніне үш-төрт жұмыртқа жеуге кеңес беріледі.

Дәрігер, сонымен қатар жұмыртқаның құрамында жоғары сапалы ақуыз, А, Д, Е, В12 дәрумендері, темір, селен, холин, сондай-ақ көздің денсаулығына қажетті лютеин мен зеаксантин бар екенін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.