Өрт 200 шаршы метр алаңды шарпыған.
Құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 15 адамды эвакуациялады
Видеодан скриншот
550
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 15 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылында Пионерская көшесі бойындағы бір қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйдің шатырында өрт шықты.

ТЖМ күштері үйден 15 адамды эвакуациялады. Өрт 200 шаршы метр алаңды шарпыған. 

ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.