Бұл байқау еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде еңбек ететін немесе өз бизнесін жүргізіп жүрген әйелдерді қолдау және дамыту мақсатында өткізіледі.
Қазақстанда  LADY FARMER  байқауы басталды
Фото: istockphoto
262
оқылды

Ұлттық  LADY FARMER  байқауы ресми түрде бастау алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Инициатива ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдерге өз жетістіктерін көрсетуге, тәжірибесімен бөлісуге және агросектордың дамуына қосқан үлесі үшін лайықты марапат алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика мәліметтері бойынша, Қазақстанның ауылдық жерлерінде 3 миллионнан астам әйел тұрады, олардың көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді. Елдегі әрбір төртінші шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкерлік әйел адамның басшылығымен жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға жаңа бастаған фермерлер де, ірі агрокәсіпорындардың басшылары да қатыса алады. Әсіресе, инновациялар енгізіп, ерекше шешімдер таба білетін және шаруашылығын дамытуға ұмтылатын қатысушыларға баса назар аударылады.

Финалистер келесі номинациялар бойынша анықталады:  AgroQueen 2025,  Miss Green Energy,  Ауыл Girl Power. Қазылар алқасының құрамына аграрлық БАҚ өкілдері мен танымал агроблогерлер кіреді.

Байқаудың финалы мен марапаттау рәсімі 2025 жылдың 17 шілдесінде  Jańa Dala/Green Day 2025  халықаралық мамандандырылған көрме-көрсетілімі аясында өтеді.

Байқауды ұйымдастырушы —  EXPO TIME  компаниясы, Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.