Тараздағы тіс емханаларының бірінде жасалған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Таразда ер адам тіс емханасына ұрлыққа түскен
Фото: polisia.kz
705
оқылды

Тараз қаласында тіс емханасына ұрлыққа түскен ер адам бейнекамераға түсіп қалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Тараздағы тіс емханаларының бірінде жасалған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды.

Оның тіс емханасының ішіндегі кассадан 455 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес ("Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.