Оның сөзінше, АҚШ-пен келісімнің негізгі тармақтары келісілген.
Сондай-ақ инвестициялық қор құру және оны қаржыландыру туралы қосымша екі келісімге қол қойылмақ. АҚШ әскери көмегі қорға үлес ретінде есептелуі мүмкін және Украина ресурстар мен инфрақұрылымына толық иелік етеді.
Бұл қор елдің дамуына 10 жыл инвестиция салады. Сонымен қатар екі тарап үшін де нөлдік баж салығы енгізіледі.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Украина басшылары Ватиканда кездескен болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.