Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Отырыста Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ЖІӨ-ге салымын ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарлануда. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Отырыс қорытындысы бойынша, мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады, бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген, – делінген Үкімет хабарламасында.
Министрлер кабинеті бұл нақты қандай компаниялар екенін, олардың тізімін әлі жариялаған жоқ. Бірақ олар барлығы кезең-кезеңімен 2030 жылға дейін жекешелендіріледі, біріктіріледі немесе таратылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.