Батыс Қазақстанда 26 тонна медициналық қолғапты Мәскеуге апара жатқан жүк көлігінің иесі ұсталды
Батыс Қазақстанда 26 тонна медициналық қолғапты Мәскеуге апара жатқан жүк көлігінің иесі ұсталды
Фото: Шекара қызметінің баспасөз орталығынан
248
оқылды
Шекара қызметінің ресми хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 26 тонна медициналық қолғап тиелген автокөлік жүргізушісі ұсталды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2029-әскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Асқар Қазбековтің мәлімдеуінше, оқиға 16 наурыз күні сағат 19.30-да «Тасқала» өткізу бекетінде болған.   медициналық қолғап, шекара, заңсыз тауар тасу, Батыс Қазақстан Қазіргі уақытта Үкімет медициналық қорғаныс құралдарын елден өзге мемлекеттерге шығаруға тыйым салған. Соған қарамастан, шекарашылар Оралдан Мәскеуге бағыт алған INTERNATIONAL жүк көлігін тексерген кезде, көліктен 26 тонна латекс қолғабы табылды.   медициналық қолғап, шекара, заңсыз тауар тасу, Батыс Қазақстан Жүк туралы ілеспе құжаттарда 3,9 миллион дана қолғап екендігі жазылған. Бағасы – 3,666 миллион теңге. Жүк Орал қаласындағы «Торговый UNEX» ЖШС-да тиелген. «Жүк көлігін БҚО бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады», – деді Асқар Қазбеков.