Онда шекараны заңсыз асқандар ұсталып, сол жерде уақытша қамалады. Осыдан кейін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Қазір аймақта 12 мыңдай сарбаз жүр. Дональд Трамп билікке келгелі көші-қон талаптарын қатаңдатып жатыр. Сөйтіп, кейінгі 3 айда 39 мыңдай заңсыз мигрант Америкадан депортацияланған. «The Washington Post» басылымының хабарлауынша, Ақ үй әкімшілігі жыл соңына дейін миллионға жуық адамды еліне кері қайтаруға ниетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.