Оқиға Ескі Бүйікдере көшесінде құрылыс алаңының жанында болған.
Ыстамбұлда жол опырылып түсті
TRT Haber
1,451
оқылды

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Сарыер ауданына қарасты Маслак шағынауданында жол опырылып, үлкен шұңқыр пайда болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

TRT Haber агенттігінің мәліметінше, оқиға Ескі Бүйікдере көшесінде құрылыс алаңының жанында болған. Құрылыс нысанының тіреу қабырғасы құлап, соның салдарынан екі жолақты көше мен оған іргелес жаяу жүргінші жолы қирап түскен.

Кеше түнде болған оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және İGDAŞ (газ қызметі) бригадалары жедел жеткен. Олар жолдың қауіпті бөлігін қоршап, ескерту белгілерін орнатты. Жол көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.

ІGDAŞ қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында табиғи газды өшіріп тастады. Себебі шұңқырдың астында шағын жарылыс болған. Қазір Маслак, Аязаға және Пынар аудандарында газ, су және жарық уақытша берілмей тұр.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қалпына келтіру және қауіпсіздік жұмыстары жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз