Агенттіктің хабарлауынша, Эр-Рияд енді мұнай нарығын бұрынғыдай қолдауға ниетті емес екенін ашық аңғартты.
Мұнай бағасы түссе де, оны өндіру көлемі ұлғайып жатыр
1,043
оқылды

OPEC+ ұйымы мұнай өндірісін арттыру қарқынын жеделдетпек және қараша айына дейін нарыққа тәулігіне 2,2 миллион баррельге дейін мұнайды қайта шығару ықтималдығы бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты www.reuters.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы топтағы бес дереккөз мәлімдеді. Бұл шешім ұйымның көшбасшысы Сауд Арабиясының кейбір әріптес елдерді белгіленген квотадан артық өндіргені үшін жазалау мақсатымен қабылданып отыр.

Сәуір айында OPEC+ мұнай нарығын күтпеген шешіммен таңғалдырды. Мамыр айына жоспарланған өндіріс көлемі сұраныстың бәсеңдеуі мен бағаның әлсіздігіне қарамастан, күткендегіден әлдеқайда көбірек ұлғайтылды.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл шешімді Сауд Арабиясы Ирак пен Қазақстанды өндіріс квоталарын сақтамағаны үшін жазалау ретінде ұсынған. Эр-Рияд енді мұнай нарығын бұрынғыдай қолдауға ниетті емес екенін ашық аңғартты.