Ел аумағы бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста тұман түсуі ықтимал.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 7 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
2,238
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал батыс, солтүстік-батыс аймақтарда нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. Еліміздің өзге аймақтарында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. 

Сондай-ақ Түркістан облысының батысында, шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.