Сеул қаласының Содэмун аудандық полициясы Мун Да Хені күдікті ретінде ұсталғанын мәлімдеді.
Оңтүстік Корея экс-президентінің қызына алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды
Фото: Tsuguliev/Shutterstock/FOTODOM
454
оқылды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы Мун Да Хеге алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Сеул қаласының Содэмун аудандық полициясы Мун Да Хені күдікті ретінде ұсталғанын мәлімдеді.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2022 жылы қайырымдылық аукционы аясында жиналған қаражатты уәде еткендей коммерциялық емес ұйымға аудармаған. Осыған байланысты оған қарсы шағым түсіп, қазір құқық қорғау органдары оның банк шоттары мен қаржылық операцияларын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның тағы бір экс-президенті Юн Сок Ёльге қатысты да тергеу жүріп жатыр. Ол билігін асыра пайдаланды және былтыр 3 желтоқсанда «елде бүлік жасауға оқталды» деген айып тағылған.