Екі елдің қарулы күштері шекарада оқ атты. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал ушығып тұр
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
340
оқылды

Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдай осыдан екі апта бұрын ушығып кетті. Ресми Дели Үндістанда болған қайғылы жағдайды теракті деп атап, оған көршілес елдің билігі қолдау білдірді деп айыптады. Бірақ Исламабад бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Еске салайық, қос мемлекеттің шекаралас туристік аумағында қарулы топ туристерге оқ жаудырған. Салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты.

7 мамырда Үндістан «Синдур» операциясын бастап, Пәкістанның 9 нысанын зымыранмен атты. Шабуылдан 31 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған. Пәкістан үндістандық 5 жойғыш ұшақты атып түсіргенін хабарлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.