Табиғи апат Гуджарат штатының тұрғындарына ауыр тиді. Төпелеп жауған жаңбыр мен бұршақтан кейін бүлінген ғимарат көп. Ағаштар құлап, электр желілері үзілген. Гуджаратта негізінен мақта, зира және күріш өндіреді. Шаруалар қыруар шығынға баттық деп отыр. Ал жергілікті метеорологтер күн райы алдағы күндері тағы бұзылуы мүмкін деп ескертеді.