Елшілік осындай мүмкіндікті Америкада заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына пайдалануға кеңес беріп отыр.
АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар елге қайтып келсе, жарты миллион ақша беріледі
5,596
оқылды

АҚШ билігі иммиграциялық мәртебесі жоқ қазақстандықтарға өз еркімен елге оралуы үшін жағдай жасап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, олар заңсыз жүрген отандастарымызға тегін ұшақ билетін алып беріп, 1 000 АҚШ доллары көлемінде бірреттік қаржылай көмек көрсетуге дайын. 

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі шетелдіктерге арналған жаңа ерікті қайту бағдарламасын іске қосқан. Елшілік осындай мүмкіндікті Америкада заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына пайдалануға кеңес беріп отыр.. 

– Өз еркімен елге қайту туралы шешім қабылдаған азаматтардың ұшу билеті толық төленеді. Сонымен қатар  елге оралғаннан кейін оларға 1 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек беріледі, – деп мәлімдейді елшілік.

Бағдарлама аясында елден кету қамауға алыну қаупін болдырмайды, әрі бұл ең қауіпсіз, ең үнемді жолы екені ашық айтылуда. Елшілік АҚШ-та түрлі себеппен заңсыз жүрген азаматтарға осы бағдарламаны қарастырып көруге кеңес береді. 

– Бұл бастама қазіргі жағдайды заңды жолмен реттеуге және болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау үшін маңызды қадам болуы мүмкін, – делінген елшілік таратқан ресми ақпаратта.

Бағдарламаға қатысу үшін ел тұрғындары CBP One мобильді қосымшасы арқылы өтініш берсе жеткілікті.