Жаңадан сайланған Рим Папасы 18 мамырда ресми түрде өз қызметіне кіріседі.
Рим Папасы қызметіне кіріседі
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
475
оқылды

Сол күні Роберт Превоны ұлықтау рәсімі өтеді. Салтанатты іс-шараға түрлі елдерден жоғары деңгейдегі меймандар қатысады.
Ұлықтау рәсіміне дейін жаңадан сайланған понтифик халықаралық журналистермен, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу өткізуі тиіс.
Еске салайық, сәуірдің соңында бұрынғы Рим Папасы Франциск қайтыс болды. Оның кейін орнына 8 мамырда америкалық кардинал Роберто Прево Рим-католик шіркеуінің жаңа дінбасы болып сайланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.