Ақ үй басшысы Швейцарияда өтетін екіжақты келіссөздер қарсаңында осындай ниеті бар екенін аңғартты. Ол Қытайға енгізілген тарифтерді 145%-тен 80%-ке дейін төмендетуді ұсынып отыр. The Guardian басылымының ақпараты бойынша тараптар осы демалыс күндері кездеседі. Құрама Штаттар делегациясын қаржы министрі Скотт Бессент мен сауда бойынша өкілі Джеймисон Грир бастап барса, Қытайдан басқосуға үкімет басшысының орынбасары Хэ Лифэн қатысады. Сарапшылар: «Екі ел арасындағы келіссөз халықаралық экономикаға біраз өзгеріс алып келуі мүмкін», – деп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.