Балалардың өмірі – сіздің қарауыңызда. Қарапайым сақтық – орны толмас қайғының алдын алады.
Абай болыңыз: ашық терезе – баланың өміріне қауіп төндіреді!
istockphoto.com
376
оқылды

Көктем келіп, күн жылыған сайын терезе ашу үйреншікті әдетке айналады. Алайда бұл – кішкентай балалар үшін үлкен қауіп көзі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ата-аналар мен қамқоршыларға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

🔸 Егер үйде сәби немесе мектеп жасына дейінгі бала болса – терезені қараусыз ашық қалдырмаңыз;
🔸Терезе алдына диван, орындық, үстел сияқты жиһаз қоймаңыз – бұл баланың жоғарыға көтерілуіне жол ашады;
🔸 Барлық терезелерге арнайы қауіпсіздік құрылғыларын (қорғаныс тор, шектеуіш, құлып) орнатыңыз;
🔸 Терезе тұтқаларына құлып салыңыз – бала оны өз бетімен аша алмауы тиіс;
🔸 Балаға терезе алдында отыруды, сыртқа үңілуді әдетке айналдырмаңыз – бұл әрекетті ол жалғыз қалған сәтте қайталап көруі мүмкін.

ТЖМ ата-аналарға сақтық шараларын естен шығармауды ұсынады: балалардың өмірі – сіздің қарауыңызда. Қарапайым сақтық – орны толмас қайғының алдын алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз