Бұл мереке Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы енгізілген. Содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бүгін – Аналар күні
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,363
оқылды

Әлемде Аналар күнін атап өту тарихы 100 жылдан асады және көптеген елдерде ресми мәртебе беріліп, мемлекеттік деңгейде тойланады.  

Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.

Ұлтымыз үшін де аналардың рөлі ерекше. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-Ана», «Отан-Ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. Бұл бәрі әйелдердің қазақ қоғамындағы маңызын білдіреді. Олар отбасына, балаларға қамқорлық жасайды, жаңа ұрпақты тәрбиелейді, елдің қоғамдық өміріне белсене қатысады.

Ананы қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым міндеті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.