Пәкістан үкіметінің басшысы аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты халыққа үндеу жариялады. Шахбаз Шариф өз елінің тәуелсіздігін сақтау үшін бар күшін салатынын айтты.
Сондай-ақ Пәкістан үкіметі кикілжіңнің себептерін халықаралық деңгейде тергеуді талап ететінін және өз еліне негізсіз айыптаулардың тағылуына жол бермейтінін атап өтті.
Ал Үндістанның сыртқы істер министрі Викрам Мисри Пәкістанды «тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді бірнеше рет бұзды» деп айыптап отыр. Ол үнді қарулы күштері жауап беруге дайын екенін айтты. Бұл мәлімдемеге Пәкістан тарапы әлі ресми жауап қайтармады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.