Шерзат ісі бойынша сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптарымен кінәлі деп танып, қатал үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келтірілген моральдық шығынның есебіне Абзал Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен – 45 миллион теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 миллион теңге өндірілді.
Кәмелет жасқа толмаған Ысқақ Думанға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.
Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды, қалғандары 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.