Дәрігерлер ата-аналарға балалармен ашық сөйлесіп, экран алдында өткізілетін уақытты қадағалауға кеңес береді
Әлеуметтік желілер балаларда депрессия белгілерін күшейтуі мүмкін – зерттеу қорытындысы
istockphoto.com
401
оқылды

АҚШ ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу әлеуметтік желілерді жиі қолдану балаларда депрессия белгілерінің артуына себеп болуы мүмкін екенін анықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

TRThaber мәліметінше, үш жылға созылған бақылау барысында балалардың әлеуметтік желіде өткізетін уақыты едәуір артқаны және сонымен қатар психикалық күйзеліс белгілері 35 пайызға өскені байқалған.

Мамандар 11–12 жас аралығындағы балалар кибербуллингке ұшыраған жағдайда келесі жылы олардың суицидтік ойлары мен әрекеттері 2,6 есе жиілейтінін анықтаған. Сондай-ақ бұл балаларда есірткі, никотин және алкоголь қолдану қаупі де бірнеше есе жоғары болатыны белгілі болды.

Дәрігерлер ата-аналарға балалармен ашық сөйлесіп, экран алдында өткізілетін уақытты қадағалауға кеңес береді. Ұйықтар алдында немесе отбасылық ас кезінде гаджеттерден алшақ болу, сондай-ақ арнайы медиа жоспарлар арқылы шектеу қою – бала денсаулығын сақтау үшін маңызды қадамдар ретінде ұсынылуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз