Екінші жасөспірім ауыр жағдайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Маңғыстау облысында жасөспірім суға батып, көз жұмды
Фото: istockphoto
240
оқылды

Каспий теңізінің шомылуға арналмаған аумағында екі жасөспірім суға батып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

2011 жылы туған балаларды жағалауда жүргендер шығарып үлгерген. Алайда олардың біреуін аман алып қалу мүмкін болмады. Ал екінші жасөспірім ауыр жағдайда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел жәрдем бригадасы мен қалалық Полиция басқармасының мамандары жұмылдырылған. Олар аталған аумақта тексеру жүргізіп жатыр.

«Кешегі жағдай бойынша бір адам тіркелді және  суға шомылуға арналмаған 10 аумақ бар, сол 10 аумақта облыстық ТЖД қызметкерлері кезекшілікте тұр.  Құрметті тұрғындар, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар! Шомылуға тек арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыздар!» – деді Маңғыстау облыстық ТЖД ресми өкілі Ерлан Сұлтанмұратов.