Семей қаласында 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы аясында Toyota автокөлігі тоқтатылып, оны Семей қаласының тұрғыны басқарғаны анықталды.
Тексеру барысында жүргізушінің атына "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен автоматты түрде тіркелген 26 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды. Жалпы, айыппұл сомасы 500 мың теңгеден асты.
Барлық құқықбұзушылық белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Осыған байланысты, құқық бұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.