Басылымның мәліметінше, жергілікті шенеуніктерде ауруханаларда орын жетпеген жағдайда ем алмайтын науқастардың тізімі жазылған құжат бар.
"Міндетті түрде бұл талаптарға сай келу керек. Бұл құжат науқастар саны көбейген жағдайда кімді емдеу қажет екенін таңдауға көмектеседі", - деді денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі кеңесші Луиджи Икарди.Құжат енді заңды күшіне енеді. Еске салайық, мұның алдында Италияда бір тәулікте коронавирустан 350-ге жуық адамның қайтыс болғаны хабарланған болатын. Елде дерттен өлім құшқандардың саны 2 мыңнан асып кетті.