– Интеграцияланған холдинг ретінде құс етін өндіретін өз шаруашылықтарымыз бар. Холдингтің ішінде 15 мекеме, олар құс етін шығару, өсіру, бөлшектеу, сату секілді құс өндірісімен толық шұғылданамыз. Тіпті, құсқа қажетті жем-шөпті де өзіміз өсіріп, өндіреміз. Жетпегенін ғана нарықтан сатып аламыз. Сондықтан жерге жем-шөпті еккеннен бастап, етті дүкенге әкелгенге дейінгі процеспен айналысамыз. Соңғы 5 жылдың ішінде біз өнімімізді 6 есеге көбейттік. Мысалы, 2019 жылы 30 мың құс етін шығарсақ, 2024 жылда 160 мың тонна жетті. Осының бәріне мемлекет тарапынан қолдау болғанның арқасы қол жеткізіп отырмыз.
Жалпы біздің құрылтайшымыз осы салаға 109 млрд теңге инвестиция құйса, 36,5 млрд теңге салыққа төленді. 5 жылдың көлемінде алған 35 млрд теңге субсидияны салық төлеген мөлшермен толығымен жабылды. Ал құйылған инвестицияға үш нысаны салынды. Атап айтсақ, Макнискідегі құс фабрикасы 100 мың тонна құс етін шығарады, Өскемендегі құс фабрикасы өнімділігін 60 мың тоннаға дейін кеңейтті. Сонымен қатар, Алматыда инкубациялық жұмыртқаны шығаратын кәсіпті 25 млрд теңгеге салдық. Енді Шымкентте 50 мың тонна шұжық етін өндіретін зауытты және Алматы облысында 120 мың тонна құс етін шығаратын фабриканы, Ақмола облысында инкубаторлық жұмыртқаны өндіретін зауытты іске қоспақпыз. Оны 2026 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта орындалуы жоспарланған. Егер мемлекет тарапынан осылай қолдау сақталса, ісіміз де өрлей береді.
Оның ішінде – инвестициялық субсидия. Әзірге ол жақта шешілмей жатқан сұрақтар бар. Мәселен, Алматыдағы құс өнімдерін шығаратын кәсіпті қосқанымызға біраз болды. Соған қарамастан инвестициялық субсидиясын әлі ала алмай жатырмыз. Жалпы сипаттағы трансферт арқылы өтуі тиіс. Ол дегеніміз – Ауыл шаруашылық министрлігі осындай мөлшерде ақша керек деп облыстарға сұрау салады. Олар болса өз ішіндегі мәселелердің басымдығына қарай бөледі. Міне, осы нәрсе уақыты компанияға берілетін болса, жұмыс барысы да үзілмейді. Өйткені біз кәсіпке қажетті қаражаттың 20 пайызын өзіміз құйсақ, 80 пайызын несиеге алып отырмыз.
Екінші мәселе – мемлекет тарапынан пайыздық мөлшерлемені төмендету деген бағдарлама. Оның да өз пайдасы бар. Десе де әлі де оң шешімін табуы тиіс мәселесі бар. Ал ол қаржы бірден банкке түседі. Мысалы, соңғы пайыздық мөлшерлеме 6 пайыз десек, оның ар жағындағы 16-20 пайыздық мөлшерлемемен бизнеске алсаң, оны мемлекет тарапынан үкімет банкке тікелей өтемақысын төлейді. Банктер ол ақша түскеннен кейін міндетті түрде бизнесті жабу керек шығар. Себебі, ол ақша түскенше бизнес ай сайын банкке толық пайыздық мөлшерлемені төлеп отырады. Сол жағынан қиындау болып тұр. Мысалы 23-24 жылдарда пайыздық мөлшерлемені ала алмағаны көп. Сонда бизнес қаншама қаражатты өзінен банкке шығарады. Әрине, ол қайтпайды емес, қайтады. Дегенмен уақытты создырып аламыз. Ал кез келген кәсіпте уақыт қымбат.
Оған қоса, ауыл шаруашылық саласындағы өндірісті аяққа тұрғызу бір-екі күнде жасалатын дүние емес. Ол ұзақмерзімді процесс. Оның табысы да бір күнде түспейді. Оған да уақыт керек. Біздегі басты мақсат – елдегі импорт өнімін азайтып, отандық өнімді көбейту. Бүгінде бұл межені біз 71 пайызға орындап отырмыз, – дейді ол.
Рауан Бердібек